Фаина Мейірманова Сурдлимпиада рекордын орнатып, чемпион атанды
Бүгін Сурдлимпиадада жеңіл атлетикадан ұлттық құрама спортшылары ұзындыққа, биіктікке секіру және әртүрлі дистанцияға жүгіруден сынға түсіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қазақстандық Фаина Мейірманова биіктікке секіруден 1.79 м нәтиже көрсетіп, Сурдлимпиаданың рекордын жаңартып, чемпионы атанды. Күміс жүлдені 1.76 м нәтижесімен бейтарап спортшы Суравец Анна иеленсе, қола жүлдені 1.67 м нәтижесімен словакиялық Глонарик Лейа еншіледі.
Мейірманова Фаина – жеңіл атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2024 жылы Тайбэйде (Тайвань) өткен әлем чемпионатында биіктікке секіруден 176 см нәтижесін көрсетіп, 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлемдік рекордын орнатқан. 2024 жылғы Азия-Тынық мұхиты ойындарының ұзындыққа секіруден чемпионы атанды. Фаинаның жасы 19-да, ол Шығыс Қазақстан облысының тумасы. Спортпен 7 жылға жуық айналысады.
