Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Грузияда ұсталды
Фото: freepik.com
Қазақстан ІІМ Интерполдың Ұлттық орталық бюросының сұрауы негізінде Грузияның Рустави қаласында халықаралық іздеуде жүрген адам ұсталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ол ҚР қылмыстық кодексінің 367-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмысты – лауазымды тұлғаға пара беру әрекетін жасағаны үшін айыпталып отыр.
Тергеу дерегінше, күдікті 2019 жылы қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында құқық қорғау органының қызметкеріне 400 АҚШ доллары көлемінде пара берген.
Бұған дейін жүргізілген тексеру барысында күдіктіге тиесілі массаж салонының атымен жезөкшелік қызмет көрсетілгені анықталған. Қазіргі уақытта ұсталған адам Грузия аумағында қамауға алынды, – делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
10 желтоқсан, 2025
Кентауда қоқыс жәшігінен жаңа туған сәбидің денесі табылды
9 желтоқсан, 2025
Акмальдің концертін көрмей қалғандарға 6 млн теңге қайтарылуы тиіс
9 желтоқсан, 2025
Астанада көпқабатты тұрғын үйден шыққан өрт сөндірілді
9 желтоқсан, 2025
Шетелден пошта арқылы есірткі әкелген 4 адам сотталды
