«Ілияс осы үйді Марсбекке сатқан»: Руслан Өтепбай Назгүл мен Құндыздың үйіне қатысты мәлімдеме жасады
фото: "Көреміз" бағдарламасы
2022 жылдың жаз айында Ілияс Сариев «Елге көмек» қайырымдылық қорының атынан Алматы облысы, Қарасай ауданы, Кемертоған ауылынан 10 мұқтаж жанға тегін баспана береміз деп, елден садақа жинаған. Оның ішінде апалы-сіңілі Құндыз бен Назгүлге баспана беру жоспарланған, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұл бастаманың нәтижесін білу үшін журналист Руслан Өтепбай Алматы қаласы Қарасай ауданында салынып жатқан баспанаға барған.
Журналист құрылыс жанында жүрген адамнан «Осы үйдің иесі кім?» деп сұрағанда «Марсбек» деген жауап алған.
Әріқарай журналист «Ілияс, осы үйді Марсбекке сатқаны анық па?»деп анықтау үшін тиісті мекемеге хабарласады.
«100 пайыз. Құжаттарды бәрін өткізіп, нотариус арқылы санап берген»,- делінген жауапта.
Ұқсас жаңалықтар
10 желтоқсан, 2025
Жарнама түсіру үшін жолды жапқан дәмхана қызметкерлері жазаланды
9 желтоқсан, 2025
Салмағы 25 тоннадан асатын көлікті пайдалануға тыйым салына ма
8 желтоқсан, 2025
Көлік басқаруына тыйым салынған мас әйел машина жүргізіп, бас бостандығынан айырылды
8 желтоқсан, 2025
«Нәтиже жоқ»: косметологиялық көмекке көңілі толмаған әйел салоннан 1,2 млн теңгесін қайтарып алды
