Кюрасао алғаш рет футболдан әлем чемпионатына жолдама алды

19 қараша, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views5
Кюрасао алғаш рет футболдан әлем чемпионатына жолдама алды
Getty Images

Кюрасао құрамасы өз тобының жеңімпазы атанып, тарихында алғаш рет футболдан әлем чемпионатына шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Кюрасао – Кариб теңізіндегі, Венесуэла жағалауынан 80 км қашықтықта орналасқан арал. Оның халқы 156 мыңнан сәл асады. Бұл арал мемлекеті Исландия орнатқан бұрынғы рекордты жаңартты.

КОНКАКАФ континетінен сынға түсіп жатқан мемлекет өз тобында Ямайка, Тринидад, Тобаго, және Бермуд аралдары құрамаларынан озып, топта бірінші болды.

Айта кетейік, Кюрасао – Нидерланд корольдігі құрамындағы өзін-өзі басқаратын мемлекет. Елдің басшысы король, ал қорғаныс пен сыртқы саясатқа Нидерланд мемлекеті жауап береді. Дегенмен Кюрасао, Фарер аралдары немесе Уэльс сияқты, ФИФА құрамына кіреді.