Конференция лигасы: «Астана» португалиялық «Витория» командасын қабылдайды
Фото: Instagram/fca.astana
Бүгін «Астана» өз алаңында Конференция лигасы жалпы кезеңінің 4-туры аясындағы матчта португалиялық «Витория» (Гимараеш) командасын қабылдайды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Астана» – «Витория» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 20:30-да басталады. Ойынды Qazsport телеарнасынан көруге болады.
Бірінші айналымда «Астана» өз алаңында сербиялық «ТСЦ Бачка Топола» клубын ұтты – 1:0. Бірақ Уэльстің TNS және кипрлік «Пафос» командаларымен сырт алаңда өткен кездесулерде астаналық клуб екі рет жеңіліп қалды – 0:2 және 0:1.
Айта кетейік, бесінші турда «Астана» Алматыда Лондонның «Челсиін» қабылдайды. Ойын 12 желтоқсанда өтеді.
Ұқсас жаңалықтар
10 желтоқсан, 2025
Шахматшы Меруерт Камалиденова Испаниядағы ірі турнирдің күміс жүлдегері атанды
9 желтоқсан, 2025
Несіп Жүнісбайұлы: Жеребе тасталды – сәуегейлік басталды
9 желтоқсан, 2025
Астанада кикбоксингтен жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтіп жатыр
9 желтоқсан, 2025
«Қайрат» – «Олимпиакос»: Астанада өтетін матчқа арнайы автобустар қатынайды
