ҚМДБ кибербуллингке қатысты шариғат бойынша пәтуа шығарды
фото: freepik.com
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы кибербуллингке қатысты шариғат бойынша пәтуа шығарды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Кибербуллинг – бұл интернет немесе басқа да әлеуметтік желі, ұялы телефон арқылы біреуді қорқыту, кемсіту, қорлау. Шариғатта біреуді қорқытуға, қорлауға, мазақ етуге, айыбын ашуға, кемсітуге тыйым салынған», - деп жазылған Діни басқарманың хабарламасында.
ҚМДБ ғұламалар кеңесінің шешімі:
- Кибербуллингке және буллингтің кез келген түріне шариғат тұрғысынан қатаң тыйым салынады;
- Әлеуметтік желі, ұялы телефон арқылы жалған ақпарат тарату, оны бөлісу, сондай-ақ біреуді балағаттап, қорлап жазба қалдыру және оған ортақтасып «лайк» басу – күнә іс.
- Біреудің жеке жазбаларын, суреттерін, бейнежазбаларын шығарамын деп қорқыту, біреудің дінін не мәдениетін кемсіту тағы сол сияқты кибербуллингі түрлеріне тыйым салынады.
Ұқсас жаңалықтар
10 желтоқсан, 2025
Павлодарлық кәсіпкерді өлтірген күдікті Ресейден экстрадицияланды
9 желтоқсан, 2025
Шығыс Қазақстан облысында қысқы туристік маусым ашылды
9 желтоқсан, 2025
Авторлық құқықты бұзғандар 6 жылға дейін қамалуы мүмкін
9 желтоқсан, 2025
Аудандағы барлық қоқыс полигондары талапқа сай болмай шықты
