Медицина қызметкерлері жақында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанды еске алды

25 қараша, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views11
Медицина қызметкерлері жақында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанды еске алды
Денсаулық сақтау министрлігінен

Бүгін Денсаулық сақтау министрлігінде алқа отырысы басталар алдында Астана қаласының 23 жастағы жедел медициналық жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуанның қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқанына орай бір минут үнсіздік жарияланды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Еліміз бойынша 100 мыңнан астам медицина қызметкері өз жұмыс орындарында әріптесінің жарқын бейнесін еске алып, құрмет көрсетті. Ол шұғыл жағдайда адамдардың өмірін құтқару үшін өз өмірін қиған болатын.

Ұлдана Мырзуан қаза тапқаннан кейін жоғары мемлекеттік наградамен марапатталды. Ол қызметтік борышын үлгілі орындағаны, ерлігі мен қайсарлығы үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен наградталды.