Мемлекет басшысы Душанбедегі Ұлттар сарайына барды

10 қазан, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views152
Мемлекет басшысы Душанбедегі Ұлттар сарайына барды
Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттер басшыларының кеңесі отырысына қатысу үшін Душанбедегі Ұлттар сарайына барды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Мемлекет басшысын Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қарсы алды.

ТМД мемлекеттер басшыларының кеңесі отырысына қатысушылар бірге суретке түсті.

Айта кетейік Президент екінші «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысты.