Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматының даму стратегиясын әзірлеу қажеттігін айтты
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматының 2026-2030 жылдарға арналған ұзақмерзімді даму стратегиясын әзірлеу қажет деп санайды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Президенттің пікірінше, бүгінгі Саммит елдеріміздің тату көршілік қатынасты, өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға және орнықты дамуға мүдделі екенін растады. Мемлекет басшысы жиын барысында айтылған ұсыныстар мәңгі достық пен стратегиялық серіктестікке берік негіз қалайтынына сенім білдірді. Сондай-ақ ортақ күш-жігер жұмылдырудың нәтижесінде «Орталық Азия – Қытай» форматын институттандыру ісі табысты жүзеге асқанын атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
9 желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Ресей елшісін қабылдады
8 желтоқсан, 2025
Президент алдағы үш жылға арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойды
8 желтоқсан, 2025
Астанаға Иран Ислам Республикасының Президенті ресми сапармен келеді
7 желтоқсан, 2025
Қазақстан – Франция: Астанада еуропалық деңгейдегі өңірлік авиациялық оқу орталығы ашылуы мүмкін
