Мемлекет басшысы Албания Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

28 қараша, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views10
Мемлекет басшысы Албания Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент

Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайды Албания Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Президент жеделхатында екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынастың аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ бірлескен күш-жігердің арқасында екіжақты ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайдың аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал албан халқына құт-береке тіледі.