Мемлекет басшысы Конго мен Бахрейннің жаңа елшілерін тағайындады

11 қараша, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views8
Мемлекет басшысы Конго мен Бахрейннің жаңа елшілерін тағайындады
Ақорда

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

-Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі Мадияр Смәділұлы Меңілбеков Қазақстан Республикасының Бахрейн Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды;

-Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жан Сержанұлы Ғалиев Қазақстан Республикасының Конго Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.