Мемлекет басшысы Румыния Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

1 желтоқсан, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views10
Мемлекет басшысы Румыния Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Никушор Данды Румынияның ұлттық мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Президент Тоқаев Никушор Данды Румынияның ұлттық мерекесі - Бірігу күнімен құттықтап, румын халқына құт-береке тіледі.

«Президент жеделхатында екі ел арасындағы саяси диалогтың, экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтіп, сан қырлы ықпалдастық қос халықтың игілігі жолында нығая беретініне сенім білдірген. Қасым-Жомарт Тоқаев Никушор Данның жауапты қызметіне толайым табыс, ал румын халқына құт-береке тіледі», - делінген хабарламада.