Мемлекет басшысы Шри-Ланка президентіне көңіл айтты

1 желтоқсан, 2025
Дәукен Тұрдашев Дәукен Тұрдашев
views7
Мемлекет басшысы Шри-Ланка президентіне көңіл айтты
akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шри-Ланка президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

- Қасым-Жомарт Тоқаев Шри-Ланкадағы жойқын су тасқыны салдарынан көптеген адамның қайтыс болуына байланысты Анура Кумара Диссанаяке мен оның отандастарына көңіл айтты, - делінген хабарламада.