Мемлекеттік рәміздерді дұрыс пайдалану және насихаттау мәселелері талқыланды

1 желтоқсан, 2025
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
views6
Мемлекеттік рәміздерді дұрыс пайдалану және насихаттау мәселелері талқыланды
Мәдениет және ақпарат министрлігі

Теміртауда мемлекеттік рәміздерді дұрыс пайдалану және насихаттау мәселелері талқыланды, деп хабарлады Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысының Теміртау қаласында Архив, құжаттама және кітап ici комитеті Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дұрыс пайдалану және насихаттау мәселелеріне арналған семинар ұйымдастырды.

Іс-шара барысында Геральдикалық зерттеулер орталығының мамандары мемлекеттік рәміздерді насихаттау, оларға деген құрметті арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, қазақ геральдикасының ерекшеліктері туралы баяндады.

Оған мемлекеттік қызметкерлер мен білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.