MYSYRLYQ TANYM коллекциялық монеталары айналымға шығады

1 желтоқсан, 2025
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
views10
MYSYRLYQ TANYM коллекциялық монеталары айналымға шығады
Ұлттық банк

Қазақстан Ұлттық Банкі «Жаратылыс сырлары» монеталар сериясынан MYSYRLYQ TANYM коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады, деп хабарлады Elordainfo.kz банктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Монеталар 2025 жылғы 3 желтоқсаннан бастап ҚҰБ-тың https://kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы сатылады.

«MYSYRLYQ TANYM монетасының дизайны ежелгі Мысыр мен қазіргі заманғы дүниетанымды біріктіреді. Монетаның тантал бөлігінде – Мысыр құдайлары, күміс бөлігінде – технология символдары мен олардың трансформациясы бейнеленген.Бірнеше құрамнан тұратын MYSYRLYQ TANYM коллекциялық монетасында күрделі технология қолданылған. 925 сынамалы күмістен жасалған монетаның тантал қондырмасы бар. Монетаның жалпы массасы – 162,2 грамм, дайындау сапасы – «proof», номиналы –  2000 теңгелік, дайындау таралымы –  400 (төрт жүз) дана», - деп жазылған хабарламада.

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнына сай төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.