Үндістанда су спорты түрлерінен Азия чемпионаты өтеді

24 қыркүйек, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views126
Үндістанда су спорты түрлерінен Азия чемпионаты өтеді
Фото: olympic.kz

28 қыркүйек пен 11 қазан аралығында Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорты түрлерінен Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарыс аясында төрт спорт түрінен жүлделер сарапқа салынады.

Жүзу сайыстары 28 қыркүйек пен 1 қазан аралығында өтеді. Осы кезеңде суға секіруден командалар да өнер көрсетеді.

Айта кетейік, су добынан матчтар 4-11 қазан аралығында ұйымдастырылады. Ал әртістік жүзуден жарыстар 4-7 қазан аралығында өтеді.