Олжас Бектенов: Жұмыс істей алатындарды мемлекет қамқорлығында ұстамауы керек

20 қараша, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views10
Олжас Бектенов: Жұмыс істей алатындарды мемлекет қамқорлығында ұстамауы керек
Үкімет

Премьер-министр Олжас Бектенов сенат отырысында депутат Сұлтанбек Мәкежановтың бюджет шығыстарын оңтайландыру туралы сұрағына жауап берді. Оның айтуынша, бюджетке елеулі жүктеме артатын – әлеуметтік сала, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Олжас Бектенов алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджетті қалыптастыру шеңберінде базалық шығыстар 15 пайыздан 12 пайызға дейін қысқартылғанын мәлімдеді. Бұл ретте әлеуметтік салада бюджетке елеулі жүктеме сақталып отыр. Премьер-министрдің айтуынша, әлеуметтік жәрдемақылар мен түрлі қолдау шаралары жалпы мемлекеттік бюджеттің 60 пайызын құрайды.

«Бұл шығындардың үлесі ұзақ уақыт бойы республикалық бюджеттің 40 пайызынан астам бөлігін құрады. Үш жылдық бюджетті қалыптастыру кезінде біз аталған көрсеткішті 38 пайызға дейін төмендете алдық, әлі де болса төмендетуге болады. Біз бұл жұмысты жалғастыра береміз.

Түрлі объективті факторларға байланысты жұмыс істеуге және өздерін қамтамасыз етуге мүмкіндігі жоқ азаматтар ғана мемлекеттен әлеуметтік қолдау алатын болады. Жұмыс істей алатын адам жұмыс істеуі қажет. Мемлекет оларды қамқорлығында ұстамауы керек және ұстамайды да», - деді Олжас Бектенов.