Полиция жаяу жүргіншілерді жол ережесін сақтауға шақырады
Фото: Оңалхан Өнерхан
Павлодар облысының полицейлері жаяу жүргіншілер мен көлік құралдарының қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында алдын алу жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырып келеді, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жыл басынан бері жол қозғалысы ережелерін елемеген 6 мыңнан астам жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды.
«Қарбаласқа толы жұмыс күндерінде немесе демалыс кезінде де жолдағы тәртіпті сақтау – өзіңнің қауіпсіздігіңнің кепілі екенін естен шығармауымыз керек. Жолда болып жатқан жағдайлардың бәріне біз – әрбір азамат жауаптымыз. Бұл жауапкершілік тек жүргізушілерге ғана емес, сонымен қатар жаяу жүргіншілерге де жүктеледі», - деді тәртіп сақшылары.
Полиция жолдан өтер кезде барынша сақ болуға шақырады.
Ұқсас жаңалықтар
10 желтоқсан, 2025
Павлодарлық кәсіпкерді өлтірген күдікті Ресейден экстрадицияланды
9 желтоқсан, 2025
Шығыс Қазақстан облысында қысқы туристік маусым ашылды
9 желтоқсан, 2025
Авторлық құқықты бұзғандар 6 жылға дейін қамалуы мүмкін
9 желтоқсан, 2025
Аудандағы барлық қоқыс полигондары талапқа сай болмай шықты
