Президент Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті
Фото: Ақорда
Мемлекеттер басшылары қазақ-беларусь қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылады. Сондай-ақ саяси диалог жоғары деңгейде және сауда-экономикалық, гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Тараптар халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Қазақстан Президенті Минскіде өтіп жатқан Еуразиялық қауіпсіздік жөніндегі конференцияның маңызына тоқталды.
Мемлекеттер басшылары алдағы бірлескен іс-шаралар аясындағы тығыз ықпалдастықты жалғастыруға уағдаласты.
Ұқсас жаңалықтар
8 желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Палестина Президенті Махмұд Аббаспен телефон арқылы сөйлесті
5 желтоқсан, 2025
Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының иегерлерін марапаттады
5 желтоқсан, 2025
Биылғы «Парыз» байқауына қатысушылар қайырымдылық шараларға 37 миллиард теңгеден астам қаржы салған
5 желтоқсан, 2025
Тоқаев: Ел Президенті ретінде кәсіпкерлерге шынайы құрметпен қараймын
