Президент ВТБ банкінің басқарма төрағасын қабылдады

13 қазан, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views149
Президент ВТБ банкінің басқарма төрағасын қабылдады
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ВТБ банкінің басқарма төрағасы Андрей Костинді қабылдады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Кездесуде қаржы-банк және инвестиция саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.

Айта кетейік, бұған дейін Ерлан Қошанов Президентке Мәжіліс қызметі туралы баяндаған болатын.