Президент Chevron корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады

6 қараша, 2025
Дәукен Тұрдашев Дәукен Тұрдашев
views8
Президент Chevron корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады
akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Chevron корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Майкл Уиртті қабылдады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Теңіз және Қарашығанақ кен орындарындағы мұнай мен газды игеру бойынша ауқымды жобаларды жүзеге асыруға Chevron корпорациясының қосқан үлесіне жоғары баға берді.

Сондай-ақ Қазақстан тарапының шикізатты өндіру, өңдеу және тасымалдау салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін растады.