Президент ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айтты

27 қараша, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views13
Президент ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айтты
Оңалхан Өнерхан

Мемлекет басшысы ҚХР төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Гонконг қаласында болған алапат өрт салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Си Цзиньпинге және барша Қытай халқына көңіл айтты.

Президент зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.