Президент жақын күндері Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен барады

10 қараша, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views13
Президент жақын күндері Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен барады
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы Президент Владимир Путинмен келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ Орал қаласында өтетін ХХІ Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық сессиясына  бейнебайланыс арқылы қатысады.

Сапар аясында бірқатар екіжақты маңызды құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.