Қарағандыда кәсіпкерден 700 мың доллар талап еткен күдікті ұсталды

14 қараша, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views8
Қарағандыда кәсіпкерден 700 мың доллар талап еткен күдікті ұсталды
freepik.com

Қарағандылық кәсіпкер полицияға белгісіз адамдардан қысым көргені туралы шағымданды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Кәсіпкердің айтуынша, оны және отбасы мүшелерін қорқытып, мүлкін зақымдап, 700 мың АҚШ долларын талап еткен.

Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде 30 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қарағанды қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіні қамауда ұстау туралы шешім қабылдады», - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде тергеу іс-шаралары жалғасуда.