Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

11 қараша, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views14
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды
akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Внуково-2 әуежайында мәртебелі мейманның келуіне орай Мәскеу гарнизонының құрмет қарауылы мен әскери үрмелі оркестрі сап түзеді.

Мемлекет басшысын Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Денис Мантуров пен басқа да ресми тұлғалар қарсы алды. Екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.