Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды

24 қараша, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views123
Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
olympic.kz

Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Қытайдың Бейжің қаласында өткен Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Соңғы матчта ұлттық құрама Жапонияны 4:3 есебімен жеңді.

Бұған дейінгі екі кездесуде де қазақстандық хоккейшілер жеңіске жеткен еді. Алдымен Оңтүстік Кореяны 4:2 есебімен ұтты, кейін Қытайды 5:1 есебімен тас-талқан етті.

Осылайша Қазақстан құрлықтық турнирде бірінші орынды иеленді.