Қазақстандық спортшы Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медаль жеңіп алды

|
Қазақстандық спортшы Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медаль жеңіп алды
Фото: olympic.kz

Джиу-джитсудан Қазақстан құрамасының өкілі Мариан Журавлева Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының жеңімпазы атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қазақстандық спортшы 70 келіге дейінгі салмақта топ жарды.

Бұл салмақта турнир айналмалы жүйе бойынша өтті. Журавлева үш кездесудің үшеуінде де жеңіске жетті.

Ол марокколық Ясмин Арбибтен, палестиналық Дания Убайдтан және ирандық Хасти Хаммудиден басым түсті.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗