Қазақстандық таеквондошы Қатарда өткен турнирде топ жарды

18 қараша, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views8
Қазақстандық таеквондошы Қатарда өткен турнирде топ жарды
olympic.kz

Таеквондодан Қазақстан құрамасының спортшысы Нодира Ахмедова Дохада (Қатар) өткен ірі халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Нодира 53 келіге дейінгі салмақта топ жарды.

Финалда қазақстандық спортшы Леня Камкасумфоны айқын басымдықпен жеңді.

Айта кетейік, жуырда ғана өткен әлем чемпионатында Ахмедова қола медальға ие болған еді.