Қазақстанның көк туы Мәскеу көшелерінде желбіреп тұр (ВИДЕО)

11 қараша, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views28
Қазақстанның көк туы Мәскеу көшелерінде желбіреп тұр (ВИДЕО)
Сыртқы істер министрлігінен

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қаладағы көрікті жерлердің бірі – Останкино телемұнарасы Қазақстан байрағымен безендірілді.

Ресей астанасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапарына дайындалып жатыр.

Айта кетейік, 11-12 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен барады.