ҚазАвтоЖол 8 облыстың жүргізушілеріне ескерту жасады

7 қараша, 2025
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
views12
ҚазАвтоЖол 8 облыстың жүргізушілеріне ескерту жасады
Freepik.com

Бүгін  Қостанай, Ақмола, СҚО, ШҚО, Ақтөбе, Абай, Қарағанды және Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр мен қар күтілуде, деп хабарлады Elordainfo.kz  ҚазАвтоЖол-ға сілтеме жасап.

«Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады», - деп жазылған хабарламада.