Қостанай облысында жоғалған зейнеткер табылды

13 қараша, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views8
Қостанай облысында жоғалған зейнеткер табылды
ТЖМ

Бүгін «112» қызметінің кезекші пультіне Боровское ауылының тұрғыны жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Алдыңғы күні шамамен сағат 12:00-де үйінен шыққан ер адам қайта оралмаған. Есінен айырылу дертіне шалдыққан қария бұрын да бірнеше рет үйінен кетіп, адасып қалған. Қолында мобильді телефоны болмаған.

Іздестіру жұмыстарына ТЖМ-нің 7 қызметкері, 2 техника және бір ұшқышсыз ұшу аппараты, сондай-ақ 4 қызметтік автокөлігі бар 15 полиция мен 10 ерікті жұмылдырылды.

«Бірлескен күш-жігердің арқасында зейнеткер Мормышное көлі маңындағы қамыстар арасынан табылды», - делінген хабарламада. 

Табылғаннан кейін ер адам «103» қызметінің медицина мамандарына тексеру және көмек көрсету үшін тапсырылды.