«Қостанайда қар»: Астанадан Қостанайға ұшып шыққан ұшақ елордаға қайтуға мәжбүр болды

3 қараша, 2025
Гүлден Мәдениет Гүлден Мәдениет
views11
«Қостанайда қар»: Астанадан Қостанайға ұшып шыққан ұшақ елордаға қайтуға мәжбүр болды
фото: Оңалхан Өнерхан

Астанадан Қостанайға бет алған FlyArystan ұшағы елорда әуежайына қайта оралуға мәжбүр болды. Компанияның мәліметіне сүйенсек, Қостанай әуежайында ұшу-қону жолағының қары тазаланбаған, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

FlyArystan компаниясының мәліметіне сүйенсек, бүгін Қостанайда ауа райы бұзылған.

«Қостанай-Астана» бағытындағы FS7342 рейсі бұның алдында Қостанайға ұшқан ұшақтың кеш оралуына себеп болған. Рейс жолаушыларына сусын мен тамақ берді. Ұшақ Астанадан 17:05-те, ал Қостанайдан 18:50-де кері ұшады», - деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Компания рейс кестесінде тағы да өзгеріс болса, алдын ала хабарлама жібереді.