Қысқы дөңгелекке ауыспаған көлік жүргізушілеріне айыппұл салынады

1 желтоқсан, 2025
Гүлден Мәдениет Гүлден Мәдениет
views12
Қысқы дөңгелекке ауыспаған көлік жүргізушілеріне айыппұл салынады
Оңалхан Өнерхан

Бүгіннен бастап қысқы дөңгелекке ауыспаған жүргізушілерге айыппұл салынады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі ескертті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Заңға сәйкес, 1 желтоқсаннан 1 наурызға дейін көлік міндетті түрде қысқы дөңгелекпен жүруі тиіс. Талапты орындамаған жүргізушілерге шара қолданылады.

Бірінші рет ереже бұзған жағдайда 5 АЕК, яғни 19 мың теңгеден аса айыппұл арқалайды. Ал қайталанса, 20 АЕК-ке дейін өсіп, шамамен 79 мың теңгеге жуық айыппұл салынады.