Саясат Нұрбек «Тіл-Қазына» орталығының жаңартылған ғимаратымен танысты
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігінен
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының жұмысымен танысып, ұжымымен кездесті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Министр тіл үшін қызмет етіп жүрген ғалымдардың еңбегін жоғары бағалап, қазақ тілінде жасанды интеллект құру – ортақ әрі аса маңызды мақсат екенін баса айтты.
Мемлекеттік тілдің қолданыс аясының кеңеюіне үлес қосып жүрген орталық қызметкерлерін келе жатқан Республика күнімен құттықтап, жаңартылған ғимаратта табысты еңбек етулерін тіледі.
«Тіл-Қазына» орталығында қызметкерлер үшін заманауи Open Space форматындағы ашық кеңістік қайта жабдықталып, жаңартылған ғимаратта конференц зал, кітапхана, демалыс және спорт бөлмелері ашылды.
Ұқсас жаңалықтар
10 желтоқсан, 2025
Павлодарлық кәсіпкерді өлтірген күдікті Ресейден экстрадицияланды
9 желтоқсан, 2025
Шығыс Қазақстан облысында қысқы туристік маусым ашылды
9 желтоқсан, 2025
Авторлық құқықты бұзғандар 6 жылға дейін қамалуы мүмкін
9 желтоқсан, 2025
Аудандағы барлық қоқыс полигондары талапқа сай болмай шықты
