«Таза Қазақстан»: елордалық әртістер экоакцияға қатысты

18 қараша, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views18
«Таза Қазақстан»: елордалық әртістер экоакцияға қатысты
Астана қаласы әкімдігінен

Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының аумағында «Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық жұмыстары өтті. Оған аталмыш өнер ұжымының 200-ден аса қызметкері қатысты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Таза Қазақстан» акциясы – өте маңызды іс шара. Әркім өз үйін таза ұстайды ғой. Сол сияқты қаламыз да, даламыз да таза болуы керек. Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы ай сайын осы акцияға қатысады», – деді осы өнер ұжымының қазақ оркестрінің көркемдік жетекшісі-бас дирижері, күйші, композитор, Қазақстанның халық әртісі Айтқали Жайымов.

Ол өз сөзінде барша жұртты осы акцияға қатысуға шақырды.