Түнде Түркістан облысы мен Шымкентте жер сілкінісі сезілді
Кеше түнде Шымкент пен Түркістан облысының тұрғындары Ауғанстанда болған жер сілкінісінен туындаған жер асты дүмпулерін сезінді, деп хабарлады Elordainfo.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Cейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 3 қарашада Астана уақыты бойынша сағат 01:29-да жер сілкінісін тіркеді. Эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 1079 км жерде Ауғанстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 14.2. MPV, магнитудасы – 6.2.
Жер сілкінісінің сезілу күші:
Шымкент қаласы – 2 балл;
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Мырзакент ауылы – 2 балл;
Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы – 2 балл;
Түркістан облысы, Шардара ауданы, Шардара қаласы – 2 балл.
Зардап шеккендер мен ғимараттардың қирағаны туралы мәлімет түскен жоқ.
