Түркістан облысындағы өрт бойынша қылмыстық іс қозғалды

18 қараша, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views15
Түркістан облысындағы өрт бойынша қылмыстық іс қозғалды
Оңалхан Өнерхан

Жетісай ауданында орын алған өрт фактісі бойынша «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабымен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізілуде.

Тергеу нәтижесімен процестік шешім қабылданатын болады», - делінген Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, Түркістан облысында үй өртеніп, 12 адам қаза тапты. Президент өрттен қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.