ТЖМ құтқарушылары жеке үйдің ауласынан жылан ұстап алды
Фото: ТЖМ
Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Алматы облысы ТЖД кезекші қызметіне Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Азат ауылындағы жеке тұрғын үйден жылан табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына жедел-құтқару жасағынан жіберілген мамандар арнайы құрылғының көмегімен рептилияны сәтті ұстап алды. Жорғалаушы елді мекеннен алыс жердегі табиғи ортаға жіберілді. Үй тұрғындары ТЖМ құтқарушыларына алғыс білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
10 желтоқсан, 2025
Павлодарлық кәсіпкерді өлтірген күдікті Ресейден экстрадицияланды
9 желтоқсан, 2025
Шығыс Қазақстан облысында қысқы туристік маусым ашылды
9 желтоқсан, 2025
Авторлық құқықты бұзғандар 6 жылға дейін қамалуы мүмкін
9 желтоқсан, 2025
Аудандағы барлық қоқыс полигондары талапқа сай болмай шықты
