Ұлттық Банк пен Visa Ынтымақтастық меморандумына қол қойды

7 қараша, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views10
Ұлттық Банк пен Visa Ынтымақтастық меморандумына қол қойды
Қазақстан Ұлттық банкі

Құжатқа Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов пен Visa компаниясының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі жаһандық бағыт басшысы Р.Б. Томсон III қол қойды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Меморандум Қазақстанның төлем нарығында серіктестікті нығайтуға және инновацияларды дамытуға бағытталған.

Тараптар инновацияларды сынақтан өткізу үшін Ұлттық төлем корпорациясы базасында Құзырет орталығын құрды; қауіпсіздікті арттыру және алаяқтықтан қорғау мақсатында жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып, Ұлттық Банк Антифрод орталығының жұмысын дамытуды жоспарлады.