Ұлттық ұлан сарбаздары жоғалған баланы ата-анасына табыстады

13 қараша, 2025
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
views11
Ұлттық ұлан сарбаздары жоғалған баланы ата-анасына табыстады
Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Орал қаласының қоғамдық тәртібін қамтамасыз ету барысында Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5517 әскери бөлімінің сарбаздары жоғалған баланы ата-анасына табыстады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Оқиға кешкі сағат 17:30 шамасында Г.Жуков және Ә.Молдағұлова көшелерінің қиылысында болған. Мұнда патрульдік қызмет атқарып жүрген әскери қызметшілер ата-анасының қарауынсыз жүрген кішкентай баланы байқап қалады. Содан аға сержант Қуаныш Серіков дереу баланың жеке басын анықтап, тиісті шараларды қолданып, ата-анасына аман-есен табыстады. Ал баланың анасы өз кезегінде әскери сарбаздарға алғысын білдірді.