Ұлттық ұланның жауынгерлері мемлекеттік тіл байқауында топ жарды

9 қараша, 2025
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
views19
Ұлттық ұланның жауынгерлері мемлекеттік тіл байқауында топ жарды
ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Шымкент қаласында Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті ұйымдастырған «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» атты республикалық байқау өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Байқауға еліміздің 11 өңірінен келген түрлі этнос өкілдерінен шыққан әскери сала мамандары қатысты. Олар 4 кезеңнен тұратын байқау барысында өз өнері мен ой-өрісін, тілге деген құрметін паш етті. Қатысушылар қазақ тілінде өздерін ерекше тәсілмен таныстырып, мақал-мәтел сайысында және ой толғау бөлімінде нағыз тіл шеберлері екенін дәлелдеді.

Қазылар алқасының шешімімен үздік деп танылған ұландықтар:

 І орын – Ахметов Ильгар (6506 әскери бөлімі)

ІІ орын – Сон Александр (5514 әскери бөлімі)

ІІІ орын – Асматулаев Зульяр (Ұлттық ұлан Академиясы).