ҰҚК еліміздің 11 өңірінде қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тәркіледі

10 қараша, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views12
ҰҚК еліміздің 11 өңірінде қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тәркіледі
ҰҚК

2025 жылдың қазанында ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен Астана, Алматы қалаларында және тоғыз облыста қарудың заңсыз айналымын тоқтату бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«40 бірлік қару-жарақ тәркіленді: жаяу әскерлік отшашар, 4 Калашников автоматы, 12 тапанша, 23 мылтық, 5 граната және 800-ден астам оқ-дәрі», - делінген хабарламада.

Көрсетілген фактілер бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

ҰҚК қару мен оқ-дәрілердің заңсыз айналымына қарсы жұмысты жалғастыруда.