Жетісу облысында азаматтардың атына 40 млн теңгеден астам несие рәсімдеген алаяқ сотталды

28 қараша, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views11
Жетісу облысында азаматтардың атына 40 млн теңгеден астам несие рәсімдеген алаяқ сотталды
Оңалхан Өнерхан

Прокуратураның мәліметінше, сотталған адам жәбірленушілердің жеке деректеріне және электрондық цифрлық қолтаңбасына қол жеткізіп, оларды заңсыз несие рәсімдеуге және ақшалай қаражатты иемденуге пайдаланған, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қылмыстық әрекеттердің салдарынан 14 азамат зардап шегіп, келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 40 млн теңгеден асты.

Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.