Жазушы Төлен Әбдік қазақстандықтарды мерекемен құттықтады
фото: adebiportal.kz
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, жазушы Төлен Әбдік қазақстандықтарды мерекемен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Республика күні -мемлекетіміздің басты мерекесі. Мереке халықты біріктіруге, ұйыстыруға керек екені белгілі. Адам өзінің елін жақсы көргеннен кейін, оның құрған мемлекетін де жақсы көруі керек. Мереке күндерді түсіну, оларды атап өту ол біздің ұлт екенімізді, тұтас организмге айналған халық екенімізді білдіреді. Мұндай халықты ұлт деп атайды. Бұл біздің ұлт екеніміздің білгісі. Сондықтан бүгінгі Республика күнінде барша халықты шын жүректен құттықтаймын, аман болайық. Мерекеден мерекеге жете берейік, бізден кейінгі ұрпақ та осы мерекені тойлауға жазсын», - деді Төлен Әбдік.
Ұқсас жаңалықтар
10 желтоқсан, 2025
Павлодарлық кәсіпкерді өлтірген күдікті Ресейден экстрадицияланды
9 желтоқсан, 2025
Шығыс Қазақстан облысында қысқы туристік маусым ашылды
9 желтоқсан, 2025
Авторлық құқықты бұзғандар 6 жылға дейін қамалуы мүмкін
9 желтоқсан, 2025
Аудандағы барлық қоқыс полигондары талапқа сай болмай шықты
